Чемпиондар лигасының топтық кезеңі ойындары аяқталды. Плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды.

«Н» тобы

«Милан» (Италия) 0 – 0 «Аякс» (Голландия)

Өз алаңында Кака бастаған жігіттер «Аяксты» жеңе алмады. Қос команда арасындағы кездесуде есеп ашылмады.

«Барселона» (Испания) 6 – 1 «Селтик» (Шотландия)

Каталондық «Барселона» Мессисіз де керемет өнер көрсете алатынын бір дәлелдеді. Ойында Неймар хет-трик авторы атанса, Пике, Тельо және Педро еншілеріне бір-бір доптан жазды. Ал «Селтик» сапынан жалғыз допты Самарас соқты. Шотландиялық ұжым осылайша еурокубок жолындағы тартысты аяқтады.

"H" тобыОйын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 
1. Барселона   641116:513
2. Милан62318:59
3. Аякс62225:88
4. Селтик61053:143

«G» тобы

«Атлетико» (Испания) 2– 0 «Порту» (Португалия)

«Портуға» жеңіс ауадай қажет еді. Дегенмен испандық команда азуын батырды. Екі бірдей жауапсыз допты қонақтар қақпасына тоғытып, португалдық команданы Еуропа Лигасында бақ сынауына жол ашты.

«Аустрия» (Аустрия) 4 – 1 «Зенит» (Ресей)

Көпшілік «Зенит» жеңіске жетеді деп күткен еді. Алғаш болып есеп ашқанымен, ойында жеңіліске ұшырады.

"G" тобыОйын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 
1. Атлетико М    651015:316
2. Зенит61325:96
3. Порту61234:75
4. Аустрия В61235:105

«F» тобы

«Наполи» (Италия) 2 – 0 «Арсенал» (Англия)

Неапольдық команда өз алаңында лондондық «Арсеналды» тізе бүктірді. Есеп 2:0. Егер тағы бір гол соғар болса,плей-оффқа сүрінбей өтер еді.

«Марсель» (Франция) 1 – 2  «Боруссия» (Дортмунд, Германия)

Топтық кезеңнің ең төменгі нәтижесін «Марсель көрсетті. Олар топтық кезеңде бірде бір ұпай жинай алмады.

 "F" тобыОйын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 
1. Боруссия Д   640211:612
2. Арсенал64028:512
3. Наполи640210:912
4. Марсель60065:140

«Е» тобы

«Шальке» (Германия) 2 – 0 «Базель» (Швейцария)

Швейцариялық команданың футболшысының алаңнан қуылуы – гельзенкирхендік ұжымның жеңіске жетуіне өз септігін тигізді.

«Челси» (Англия) 1 – 0 «Стяуа» (Румыния) 

Жозе Моуринью командасынан жанкүйерлер алғашқы кездесудегідей үлкен есеп айырмасын күткен еді. Бірақ бұл жолы ойынды жалғыз автогол шешті.

"E" тобыОйын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 
1. Челси640212:312
2. Шальке-04    63126:610
3. Базель62225:68
4. Стяуа60332:10

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

massaget.kz