Белгілі ресейлік маман, махачкалалық «Анжи» командасының бапкері Вадим Евсеев «Тобылдың» бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі, беп хабарлайды prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, қостанайлық команданың басшылығы Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымында «Пюник» командасынан өте алмағаны үшін бұрынғы бапкер Владимир Никитенконы қызметтен босатқан болатын. Хабарламада жазылуынша, бапкердің өзі отставкаға кету туралы өтініш жазған көрінеді.

Бас жаттықтырушының міндетін уақытша Андрей Мирошниченко атқаруда.