«Барселона» германиялық «Бавария» командасының жартылай қорғаушысы Артуро Видалді сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы футболшыны қатарға қосу үшін каталониялық клуб 20-25 млн еуро шығындалған көрінеді.

Видаль «Бавария» жейдесін 2014-15 жылғы маусымда киді. Содан бері 132 матчқа қатысып, 22 гол соққан.