Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейін Instat компаниясы Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңінің «Мидтьюлландқа» қарсы кездесуінің нәтижелерін жариялады.

Instat Index мәліметтері бойынша Дания чемпиондарына қарсы кездесуде Ненад Эрич үздік атанды. «Астана» капитаны бұл кездесуде 3 рет қауіпті соққыны қайтарған.

Екінші орынды Антонио Рукавина мен Марин Томасов өзара бөлісті. Тәжірибелі сербиялық қорғаушы аталмыш кездесуде 83% тура пас беріп, айып алыңа 3 рет пас асырған.

Ал Марин кездесуде қақпаға соққы бағыттау көрсеткіші бойынша үздік шықты.

Instat Index бойынша үздік бестік:

1.Ненад Эрич 261

2. Антонио Рукавина 246

3.Марин Томасов 246

4. Дмитрий Шомко 239

5.Педро Энрике 237