«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Джошуа Грэттон жақын арада командадан кетеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Жаттықтырушы Ари-Пекки Селиннің айтуынша, хоккейші негізгі құрамаға іліне алмай, алаңға аз шыққандықтан келісімшартты бұзуды жөн көрді.