Алматылық «Қайрат» биылғы маусымның үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша Момоду Сисей Йосип Кнежевичті озып, бірінші орынға ие болды.

Сауалнама нәтижесі:1. Момоду Сисей, шабуылшы — 510 дауыс (35,2 %);2. Йосип Кнежевич, жартылай қорғаушы — 394 дауыс (31,5 %);3. Давид Лория, қақпашы — 117 дауыс (7,1 %).