Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ақтөбенің» қақпашысы Андрей Сидельников ҚПЛ-дың биылғы маусымдағы үздік қақпашысы атанды.

Бұл туралы КФЛ-дың ресми сайты хабарлайды. Естеріңізге сала кетсек, Сидельников Қазақстан чемпионатында 28 ойынға қатысып, 19 доп жіберді. Оның екеуі пенальтиден.