«Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Динамо» (Загреб, Хорватия) қарсы өз алаңында өткізетін ойынға билеттер құнын бекітті. Барлық билеттер 3 санатқа бөлінген: 1000 теңге және 3000 теңге.

УЕФА Чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» - «Динамо» (Загреб, Хорватия) арасындағы матч 7 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты: 20.00

Билеттер ticketon.kz сайтында онлайн сатылымда.

«Астана – Арена» стадионы кассаларының жұмыс режимі:

сенбі, 4 тамыз – 14.00 мен 20.00 аралығы

жексенбі, 5 тамыз – 14.00 мен 20.00 аралығы

дүйсенбі, 6 тамыз – 12.00 мен 20.00 аралығы

сейсенбі, 7 тамыз – 11.00 мен 21.00-ге дейін