Италиандық қорғаушы Леонардо Бонуччи медициналық тексерістен сәтті өтіп, Ювентуспен 5 жылдық мерзімге келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz

Қорғаушының жылдық жалақысы 5 миллион еуроны құрайтын болады.

Бір маусым «Милан» құрамында болған Леонардо Бонуччи Туринге қайта оралды. Былтыр «Ювентус» Бонуччиді «Миланға» 42 миллион еуроға сатқан еді.