Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич «Интерге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz

Corriere dello Sport-тың хабарлауынша, демалыстан шыққаннан кейін Модрич «Реалдың» президенті Флорентино Переспен өз болашағын талқылап көреді. Осы кездесуден кейін ойыншының болашағы туралы бір жақты пайымдауға болады.

Хорватиялық ойыншы «Интерге» ауысады деп күтілуде, трансфер орын алған жағдайда, миландық клуб Модричті бір жылға, келер маусым соңында сатып алу құқығын сақтай отырып жалға алады екен.