«Баварияның» жартылай қорғаушысы Артуро Видаль «Барселона» сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport.es портална сілтеме жасап.

Чили құрамасының ойыншысымен каталондықтар келіссөздерін бір апта бұрын бастаған. Қазіргі таңда трансфердің шарттары «Бавариямен» де ойыншының өзімен де келісіліп қойған екен.

«Барселона» Видаль үшін 30 миллион еуро шамасында қаржы төлейді деп хабарлайды БАҚ өкілдері.

31 жасар ойыншы жақын күндері Каталония астанасына медициналық тексерістен өтуге және келісім-шартқа қол қоюға келеді.