Өзбекстан футбол қауымдастығы ұлттық құрамасын жаттықтыруға белгілі аргентиналық бапкер Эктор Куперді шақырды.

«Өзбекстан футбол қауымдастығы Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтыратын бапкермен келіссөздерді аяқтады. Өзбекстан ұлттық құрама командасының бас бапкері 6 тамыз күні ресми таныстырылады», - деп мәлімдеді қауымдастықтың баспасөз қызметі.

Қауымдастықтың бірінші вице-президенті Умид Ахматжановтың айтуынша, Өзбекстан құрамасын халықаралық тәжірибесі мол бапкер жаттықтыруы тиіс. Осыған орай, Өзбекстан футбол қауымдастығы оннан астам маманмен келіссөздер жүргізіп, ақыр соңында аргентиналық тәжірибелі маман Эктор Куперге тоқталған. Ол Испанияның «Мальорка», «Валенсия», «Реал Бетис», Италияның «Парма», «Интер» командаларын жаттықтырған.