Техас штаты Остинде өткен жекпе жекте Қазақстанның үш боксшысы жеңімпаз болды.

Балоев бірінші раундта-ақ Ричарда Уркисоны жеңіп кетті. Ескендр Харсан мексикалық боксшы Мануэль Рубалькавтан басым түсті. Асхат Жантұрсынов Пит Рейнді техникалық нокаутпен жеңді.

Айқастан соң BoxRec.com сайтының рейтингісінде Балоев 34 позицияға көтерілді. Ол 248-орынға тұрақтаса, Харсан 95 сатыға көтеріп 396-орынға шықты. Жантұрсынов 775-орында тұр.