«Барселонаның» қорғаушысы Люка Динь «Эвертонға» ауысты, деп хабарлайды Sport-express.ru сайты

25 жасар ойыншы өзінің жаңа клубымен 2023 жылдың жазына дейінгі мерзімге келісім-шарт жасасты.

Тараптар трансфердің құнын жарияламай отыр. алайда, алайда БАҚ өкілдерінің хабарлауынша француздың ағылшындық клубқа ауысу бағасы 20 миллион еуроны құрайды.

Өткен маусымда Динь каталондық клуб сапында 20 ойын өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пас авторы болған.