Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Джон Чибуйкемен және Нұржігіт Сматов еңбек келісімі жасалғандығы жайлы ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29-жасар нигериялық футболшы өз мансабын туған еліндегі «Энугу Рейнджерс» командасында бастаған. Сонымен қатар «Хеккен» (Швеция), «Русенбург» (Норвегия), «Газиантепспор» (Түркия), «АИК» (Швеция), «Хапоэль Тель-Авив» (Израиль) футбол клубтарында өнер көрсеткен.

Павлодарлықтардың сапына қосылмас бұрын түркиялық «Самсунспор» командасының намысын қорғады.