37 жастағы шабуылшы Әлібек Бөлешов көкшетаулық «Оқжетпестен» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстан Премьер-Лигасының сегізінші бомбардирі болып табылатын Бөлешов «Қайрат», «Жетісу», «Ақтөбе», «Атырау», «Тараз», «Сұңқар», «Оқжетпес» және «Ордабасы» командаларында өнер көрсеткен.

Ағымдағы маусымда көкшетаулық команда үшін 15 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Әлібек Бөлешов - Премьер-лигада 333 матч ойнап, Қазақстан футбол тарихындағы 100 гол соққан 8 футболшының бірі.