УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында даниялық «Мидтьюлланд» пен елордалық «Астана» командалары кездеседі.

Ойынды «QAZSPORT» арнасы бүгін, яғни 1 тамыз күні, сағат 22:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетейік, осыдан тура бір апта бұрын «Астана-Аренада» өткен кездесуде елордалық клуб Ласло Кляйнхайслер жасаған дубль арқасында 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.