Мюнхендік «Бавария» мен Франция құрамасының 30-жастағы ойыншысы Франк Рибери өз елінің ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды France Football.

Бұдан басқа үздік үштікке «Ювентустің» хавбегі Поль Погба мен «ПСЖ» қорғаушысы Блез Матуиди енді.

Айта кетер жайт, Франк бұның алдында да 2007, 2008 жылдары үздік атанған болатын.

Еске сала кетсек, Рибери былтырғы маусымда «Баварияның» сапында Германия чемпионаты мен Германия кубогы және Чемпиондар лигасын ұтқан еді. Және де Франция құрамасын келер жылы өтетін әлем чемпионатына шығарды.