Орта салмақта WBC, WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен болатын екінші жекпе-жегі уақытынан бұрын аяқталады деп болжап отыр, деп жазады prosports.kz сайты today.kz-ге сілтеме жасап.

- Мен «Канелоға» қарсы бірінші жекпе-жекте жеңіске жеттім. Статистиканы көрген соң ғана емес, көп адам мені жеңімпаз деп есептегеннен кейін осыны сеземін. Өз белбеулерімді сақтап қалдым, оларды алып, үйіме оралдым. Мен әлем чемпионы атанып келемін, атана беремін де. Егер төрешілер әділ болса, екінші жекпе-жек мен үшін ғана емес, бүкіл бокс үшін маңызды болмақ. Менің ойымша, ауыр жекпе-жек болады, өйткені екеуміз де оңай қарсылас емеспіз. Меніңше, екінші жекпе-жек барлық дистанциядан өтпейді, – деді GGG.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 15 қыркүйекте өтеді.