Хорватиялық «Динамо» (Загреб) және израильдік «Хапоэль» (Беер-Шева) Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Израильдегі ойын 2: 2 есебімен аяқталды. Израильдік клуб ойыншылары Джон Огу (14-минут) және Ханан Маман (34-ші) гол соқса, «Динамо» командасында Марио Будирим (49) және Изет Хирович (54) көзге түсті. Бірінші ойында хорватиялық клуб ірі жеңіске жеткен болатын - 5: 0.

Осылайша, «Астана» даттық «Мидтьюлланд» командасын жеңсе, үшінші кезеңде «Динамомен» ойнайды. Алғашқы матчта 2:1 есебімен Ласло Кляйнхайслер дублі арқасында жеңген болатын. Қарымта матч Данияда 1 тамызда өтеді.