Бразилиялық футболшы Тиаго Силва «Монаконың» капитаны Эрик Абидальді әлемнің ең үздік қорғаушысы екендігін айтты.

 «Әлемнің ең үздік қорғаушысы кім? Деген сұраққа мен ылғида Эрик Абидаль деп жауап беремін», — дейді Тиаго Сильва «Canal+» телеарнасына.

«Онымен бір алаңда ойнаған өте ыңғайлы. Сондай-ақ маған оның қимылындағы сабырлық ұнайды. Осы тұрғыда Абидальдан үлгі алуға тырысамын»,- деп қосты бразилиялық қорғаушы.