Бүгін «Тобыл» командасы Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчын армениялық «Пюник»» клубына қарсы өткізеді, деп жазады prosports.kz.

Ойын Ереван қаласында орналасқан Вазген Саргсян атындағы стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22.00-де басталады.

Кездесуді тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.