«Ақтөбе» футбол клубының Айоделе Аделейеге төленбеген қарыздары жайлы мәселе оң шешімін таубыға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы футболшының агенті Дмитрий Селюк мәлімдеді:

- Самат Смақовтың кәсіби біліктілігінің арқасында біз клубтың Аделейе алдындағы қарызы мәселесін шешуге жақынбыз. Сол үшін Смақовқа өз ризашылығымызды білдіреміз. «Ақтөбе» қазір бұл мәселені түбегейлі шешетін қадам жасап отыр.

Біз қазір бас директордың бұрынғы басшылар қалдырып кеткен қарыздарды жабу үшін жан сала жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Командадан 6 ұпай алынып тасталғанына қарамастан турнирлік кестеде жоғары орында тұр. Әрі келесі маусымда Еурокубоктарға қатысуға мүмкіндік алуға жақын. Осы үшін «Ақтөбе» жанкүйерлерін құттықтаймыз. Қазақстан футболындағы бұрынғы «Ақтөбе» клубы қайта қалпына келетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын Селюк Prosports.kz сайтына берген сұқбатында «Ақтөбе» клубының Аделейе алдындағы қарызы 250 мың доллардан асқанын айтқан еді. Әрі бұл жағдай FIFA-ның клубты жазалауына себеп болуы мүмкін екенін ескерткен.