«Астана» баскетбол клубы екі жаңа ойыншы - Руслан Айтақали және Асқан Майдекинмен келісімшарт жасасты.

Асқар - Қарағанды облысының тумасы. Келешегінен үміт күттірген орталық ойыншы Қазақстанның ұлттық ерлер құрамасы сапында өнер көрсетіп үлгерген.

Руслан Ақтөбеде туған, Алматыда республикалық мектеп интернатын бітірген. «Астанаға» келмес бұрын «Алматы легионы» сапында шабуылдаушы қорғаушы және жеңіл форвард позицияларында ойнаған.