Стенд атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жазғы Азия ойындарына қатысатын мергендер тізімін жариялады деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Азия ойындарындағы стенд атушылар сайысы 17-27 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық мергендер трап пен скит бойынша сынға түседі.

Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі:

Максим Коломоец (трап)Андрей Могилевский (трап)Виктор Хасянов (трап)Анастасия Давыдова (трап)Мария Дмитриенко (трап)Оксана Середа (Трап)Трап бойынша бапкер: Анатолий ПалийАлександр Ещенко (скит)Ольга Панарина (скит)Әсем Орынбай (скит)Владислав Мухамедиев (скит)Скит бойынша бапкер: Сергей Колос

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына дайындық барысында Оңтүстік Кореяда өткен Әлем кубогі бәсекесіне, Италияның Тодди қаласында өткен үш бірдей халықаралық турнирге, Қазақстан кубогінің 2-3 кезеңіне қатысуды жоспарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындарының алдындағы шешуші жаттығу кезеңі 01-20 тамыз аралығында Алматыда өтеді.