Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде армениялық «Пюник» пен қазақстандық «Тобыл» арасындағы ойында чехиялық төрешілер қызмет етеді.

Матчтың бас қазысы Петр Арделяну болмақ. Оған Иржи Молачек және Якуб Грабовски алаң жиегінде көмектеседі. Төртінші рефери – Иржи Худэк.

«Пюник» - «Тобыл» матчы 31 шілдеде Ереванда Астана уақытымен 22:00-де өтеді. Алғашқы ойында қостанайлық клуб 2:1 есебімен жеңді.