2018 жылы тамыздың 4-5 күндері Алматыдағы Сайран көлінде тұңғыш рет триатлоннан халықаралық турнир өтеді.

Азия кубогында Ресей, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Украина, Венгрия, Аустралия, Жапония, Өзбекстан, Сирия, Бельгия, Австрия, Тайпей және Қазақстанның спортшылары өнер көрсетпек.