Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Али Ахмедов Instagram-дағы парақшасында Big Bear залындағы жаттығу видеосын жариялады.

Ахмедов 8 тамызда Голливудта (Калифорния штаты) Hollywood Fight Nights 2 бокс кешіндегі бастыжекпе-жекте рингке шығады. Ол 33 жастағы жергілікті боксшы Хорхе Эскалантемен айқасады. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Головкин 15 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен екінші рет айқасады.

Еске салайық, Ахмедов отандық чемпион Геннадий Головинмен бірге Абель Санчестің қол астында жаттығып жатыр.