Қытайдың Уси қаласында теквондодан G-8 санатына жататын командалық есептегі Әлем кубогі өтіп жатыр. Аталған сынға Қазақстан құрамасын мемлекеттік жаттықтырушы әрі Олимпиада жүлдегері Арман Шылманов бастап апарды.

Алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан 49:87 есебімен ұтылып қалды.

Екінші айналымда қазақстандықтар Кот-д'Ивуар құрамасынан 67:45 есебімен басым түсті.

29 шілде күні Қазақстан құрамасы Әлем кубогінің қола жүлдесі үшін Иран құрамасына қарсы шығады.

Еске сала кетейік, аталған Әлем кубогінде үздік сегіздікке енген команда желтоқсан айында өтетін финалдық бәсекеде сынға түседі. Қытайдағы нәтиженің қандай болатынына қарамастан, қазақстандық таеквондошылар ақтық сында өнер көрсетеді.

Усидегі Әлем кубогінде Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғауда: Нұрсұлтан Мамаев, Әбдісаммат Лес, Қайрат Сарымсақов, Смайыл Дүйсебай және Айтуар Шайкенов.