«Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының мергені Сәрсенгүл Рысбекова Италияда өтіп жатқан «H.H. SHEIKHA FATIMA BINT MUBARAK WOMEN'S INTL. SHOOTING CHAMPIONSHIP» халықаралық турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды.

Стенд атудың дубль-трап бағдарламасында бақ сынаған Сәрсенгүл Рысбекова үздіктер қатарында өнер көрсетіп, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, мергендеріміз Италияда 18 тамыз күні Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындалуда. Жаттығу жиынынан бөлек, Апеннин түбегінде жерлестеріміз техникалық арсеналдарын жаңартумен айналысады.

«Астана» Президенттік кәсіпқой мергендер клубы 2015 жылы құрылған. Мұнда спорттық ату және стенд атудан еліміздің ең үздік мергендері жиналған.