Британ сноубордшысы Элли Саутер 18 жасында өлді. Жас спортшының өлімінің себебі әлі анықталған жоқ, деп жазады Eurosport.

«Элли командамызда өте танымал болды және оны бәрі жақсы көрді. Қайғылы жағдайдан соң оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз», - деп жазды Ұлыбританияның ұлттық олимпиада комитеті.

Ал сноубордшы қыздың әкесі Тони Саутер фейсбуктағы парақшасына былай деп жазды.«Сұм өмір 18 жасқа толған Бессиімді менен тартып алды. Мен оның әдемі әрі жас әйелге айналғанына қарап мақтанатынмын. Элли, сені қатты сағынатын боламын. Жаның жай тапсын, кішкентай чемпион».

Нeavy.com сайты 18 жастағы Стауерді суицидтен өлуі мүмкін деп топшылады. Аталған ресурс авторлары сноубордшының өлімін хабарлаған British Ski and Snowboard сайтында Ұлыбританияда өзін-өзі өлтіруге жол бермеу бойынша жедел желі телефоны көрсетілгенін айтқан.

Элли 25 шілде күні өзінің туған күнінде дүниеден өтті. 2017 жылы ол Түркияда өткен жасөспірімдер арасында Еуропа Олимпиада фестивалінде сноу-кросстан қола жеңіп алды.