Жазғы Азия ойындарына қатысатын мергендер құрамы анықталды. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Анвар Юнусметов ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін айтып, алдағы мақсаттарымен бөлісті.

«Биылғы Азия ойындарының бағдарламасына айтарлықтай өзгеріс еніп, біздің спорттағы бағдарламалар санын екі есеге қысқартып тастады. Оның ішінде, біздің басты көзіріміз саналатын командалық есептегі жарыс тізімде жоқ. Сол себепті, жүлде туралы алдын ала ештеңе айтқым келмеген. Десе де, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр. Спортшылар да, бапкерлер де жақсы нәтижемен ораламыз деген пікірде. Азия ойындарының медалі үшін күресуге дайынбыз», - дейді нысана көздеуден ұлттық құраманың бас бапкері Анвар Юнусметов.

Бапкердің айтуынша, ұлттық құрама спортшылары 2 медаль жеңіп алуы мүмкін: 1 алтын және 1 қола. Ал ұлттық құрама үздігі - Владимир Исаченко.

Нысана көздеуден Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы.

Тапанша, ерлер:

1.Исаченко Владимир (Алматы)

2.Юнусметов Рашид (Шымкент)

3.Вохмянин Сергей (Астана)

Тапанша, әйелдер:

1.Комендра Юлия (Астана)

2. Байбосынова Зәуреш (Шымкент)

Винтовка, ерлер:

1.Юрков Юрий (Шымкент)

2.Клейменов Алексей (Астана)

Винтовка, әйелдер:

1. Старостина Виолетта (Шымкент)

2. Малиновская Александра (Алматы)

Жылжымалы нысана, ерлер

1. Мологлы Расим (Шымкент)

2. Ибраев Бахтияр (Тараз)