Жаңарған әйелдер WTA рейтингісінде Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова үздік жүздіктегі орындарын сақтап қалды.

Қазіргі таңда Воскобоева 67-ші орында тұрақтаса, Шведова 79-ші. Юлия Путинцева 109-ші, Сесиль Каратанчева 140-ші, Зарина Дияс 164 –ші орында. Камила Керімбаева 393-ші орында жайғасса, Анна Данилина 528-ші сатыда келеді.