«Барселона» ФК президенті Сандро Росель Неймардың трансферінен 40 миллион еуро жымқырған деп айыпталуда.

Естеріңізге сала кетсек, «Барселона» биылғы маусым алдында бразилиялық шабуылшы Неймарды € 57 млн еуроға сатып алған.

Каталондық клубтың басшысы 40 миллион еуроны жеке шотына жөнсіз аударғаны белгілі болды. Президенттің үстіне арыз түсіп жақын арада сот отырысы болады.