Желтоқсан айының 11-і мен  21-і аралығында  Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары өтеді.

Қазақстандықтар бұл байрақты бәсекені «KAZsport» телеарнасы арқылы тамашалай алады.

 Дүбірлі додада қазақ елінің сайыпқырандары спортттың 8 түрі бойынша сынға түседі. Атап айтқанда, мәнерлеп сырғанау, фристайл, сноуборд, шорт-трек, тау шаңғысы, хоккей тағы да басқалары бар.

Ел қоржынына алтын медаль салады деп үміттеніп отырған спортшымыздың бірі - мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен.Естеріңізге сала кетейік, студент-жастардың арасында өтетін дүниежүзілік жарыс желтоқсанның 11-і  мен 21-і аралығын қамтиды.