Әр түрлі елдерден келетін балуандар іріктеуден өтпей-ақ халықаралық Asia Open турниріне қатыса алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты Қазақстанның грэпплинг ассоциациясына сілтеме жасап.

28-29 шілдеде Қазақстанның бас қаласында грэпплингтен алғашқы Әлем кубогі ұйымдастырылады. Іс-шараның бастамашысы – ҚР грэпплинг ассоциацисы. Әлем кубогіне Ресей, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Қазақстан сияқты елдердіңкомандалары қатысады деп күтілуде. Кубок мачтық кездесу түрінде өтетін болады. Бір команда басқа бір командаға қарсы шығады.