Британ сноубордшысы Элли Саутер 18 жасында қайтыс болды. Жас спортшының өлімінің себебі әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

«Элли командамызда өте танымал болды және оны бәрі жақсы көрді. Қайғылы жағдайдан соң оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз», - деп жазды Ұлыбританияның ұлттық олимпиада комитеті.