ФИФА 2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатының билеттерін сатуды бастады.

Ұйымның баспасөз қызметінен хабарлағандай, алғашқы бес сағаттың ішінде шамемен 350 мың сатып алушы тілек білдірген. Олардың көбі - бразилиялықтар. Билеттерді сатып алушылардың арасындағы ең белсенділері Чили, АҚШ, Аргентина мен Австралия өкілдері болып отыр.