Ганалық Ghanasoccernet.com сайты «Астананың» шабуылшысы Патрик Твумасидің жақын арада испаниялық «Алавеске» ауысатынын хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, клубтар арасында келіссөз жақсы дамып келеді және Твумаси жақын арада испаниялық клубтың жейдесін киеді. Твумаси медициналық тексерістен өту үшін Испанияға аттанды. 24 жастағы футболшы «Алавеспен» ұзақ уақытқа келісімшартқа отырады деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, испаниялық БАҚ бұған дейін «Алавес» Твумаси үшін 3 миллион еуро төлейтінін хабарлаған болатын.