«Біздің Денис» кітабының электронды нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.