Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы 1500 метрге жүгіруден өзбекстандық Екатерина Тунгускова қатысып, ең үздік нәтижені тіркеді. Бірақ бұл спортшының нәтижесі есепке алынбайды, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Тунгускова Азия ойындарына дайындық ретінде чемпионатқа жарыстан тыс қатысып отыр. Сондықтан оның нәтижесі хаттамаға жазылмайды.

23 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 1500 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.Виктория Сергеева (СҚО) – 4:29.83 мин.

2.Евгения Фандюшина (Павлодар обл.) – 4:32.77 мин.

3.Айгүл Қайыржанова (СҚО) – 4:40.27 мин.

Ал 10 мың шақырымға тек үш спортшы жүгірді. Оның үстіне бұл қашықтыққа жүгір у күннің шыжып тұрған уақытында басталды. Сол себепті болар, атлеттердің нәтижелері жоғары бола қойған жоқ. Бірінші орынға Жанна Мамажанова ие болды.

23 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 10000 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.Жанна Мамажанова (Алматы) – 37:15.18 мин.

2.Дана Айдосова (Алматы) – 38:20.09 мин.

3.Ақмарал Мейірман (Түркістан обл.) – 38:58.27 мин