Минскілік «Звезда-БГУ» клубының футболшысы Юлия Борисенко 28 жасында дүниеден озды.

Борисенко «Рязань-ВДВ» сапында Ресей чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алған болатын.

Футболшы қыздың қалай қайтыс болғаны туралы ақпарат жоқ.

Соңғы рет Борисенко 21 шілдеде Беларусь чемпионатында «Славянкаға» (22:0) қарсы ойнап, бір голдың авторы атанған болатын.

Айта кетейік, Юлия Борисенко Ресей чемпионы атағынан бөлек, Беларусь чемпионатынан үш рет жеңіп алған. Төрт рет Беларусь кубогы мен үш мәрте Суперкубогын иеленді.