Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов 11 шілде күні Астанада ұрлық үстінде ұсталған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sputniknews порталына сілтеме жасап.

Құдайбергенов астаналық тұрғын Сапар Шәмшиев 11 шілде күні А. Құдайбергеновтың көлік айнасын ұрлау үстінде Астана полицейлеріне ұсталған.

Астана полициясы көлік ұрысынан қала аумағынан шықпау туралы қолхат алып, босатып жіберген.

Еске салсақ, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді.