«Атлетико Минейро» командасының жұлдызы Роналдиньо алдағы уақытта Мароккода өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Бавариямен» кездесуін асыға күтуде.

«Ойынымыздың өрнегін өзгертпейміз. «Баварияға» қарсы қалай ойнау керек егендігін білеміз. Қорғаныста жатпай, жиі шабуылдауға тырысамыз»

«Гвардиола бразилия футболын жақсы білетіндіктен, оның бізге қарсы қалай ойнаудың жоспарын жасап қоюы әбден мүмкін»

«Келісімшарт аяқталғалы тұр. Дегенмен, мен мансабымды осында жалғастырғым келеді. Жақын арада келісімшартты ұзартатын шығармын», — дейді Роналдиньо «Seleção Brasileira» басылымына.