«Тараз Арена» спорт кешенінде тұңғыш рет қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Жеребе бойынша қазақстандық балуандар Иран елінің спортшыларымен кездесіп, 5:0 есебімен алғашқы жеңіске қол жеткізді. Енді жерлестеріміз Тәжікстан құрама командасымен күш айқасады.

Алғашқы болып бозкілемге 60 келідегі балуандар шықты. Онда ел намысын қорғаған Абзал Арыстанбеков Сохбанберді Сафариді кездесудің 16-ші секундында таза ұтса, оның жеңісті жолын 70 келілік Ерлан Естек қазақ күресінен Иран чемпионы және Азия біріншілігінің күміс жүдегері Хамид Мирзаиді жеңді. Сондай-ақ, 80 келідегі Ерсін Мұхамеджанов Мехди Вазари, 90 келіде Мұхит Тұрсынов қазақ күресінен Иран чемпионы Жафар Юнеси Бордждиден айласын асырса, ең ауыр салмақта сын түсіп жатқан «Қазақстан Барысы»-2012 атағының иегері Бейбіт Ыстыбаев Насыр Сахраи Доулатханнан басым түсті.

Мұнан кейін жарысты Польша мен Тәжістан құрама командаларының балуандары жалғастырды. Онда тәжік спортшылары қарсыластарынан басым түсіп, Қазақ балуандарымен белдесуге мүмкіндік алды.