Бүгін «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Салават Юлаев» командасымен күш сынасады.

Құрлықтық хоккей лигасы аясында бұл екі команда 17 рет кездескен. Соның 10 матчында «Салават Юлаевтың» жолы болса, 7 кездесуде «Барыстың» хоккейшілері жеңген. Өткен жылғы чемпионаттың статистикасына сүйенсек, командалар бір-бірін кезекпе-кезек жеңіп отырған. Ал биылғы чемпионаттың алғашқы матчында «Барыс» хоккей клубы өз қарсыласын 3:2 есебімен ұтқан. Соңғы бес ойында Астаналықтар бір-ақ рет жеңілген. Уфа хоккей клубының да көрсеткіші сондай. Жалпы турнир кестесінде де екі команданың арасы алыс емес. «Барыс» 70 ұпаймен үшінші орында тұрса, «Салават Юлаев» 62 ұпаймен алтыншы сатыда келеді.

Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 17:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.