«Наполидің» президенті Аурелио де Лаурентис маусым алдындағы кездесуде фанаттармен кездесті.

Жанкүйерлердің бірі Де Лаурентистен былай деген еді: «Президент мырза, жеңіске жеткіміз келеді». Оған «Наполидің» басшысы күтпеген жауап қайтарды: «Олай болса, сізге «Ювентуске» жанкүйер болу қажет».

Айта кетейік, былтырғы маусымда «Ювентус» Италия чемпионы атанып, «Наполи» екінші орын алған болатын.