«Мен ең алдымен қазақпын. Не ойласам да, не істесем де, кез келген жағдайда қазақпын. Осында тудым. Осында өстім», – дейді Денис Kazakh-tv арнасына берген сұхбатында.

«Қаншалықты мықты болсаң да, қаншалықты табысты болсаң да, бірінші кезекте адамбыз. Өз өмірі бар адамбыз. Және бәріміз теңбіз. Өмір - өте нәзік ұғым. Ертең не боларын білмейсің. Патриотизм, Отанға деген махаббат, елге деген махаббат осындай қарапайым нәрселерден басталады», – дейді спортшы.

«Америкада жүргенде кинотеатрға барып көрмеппін. Диснейлендке де бармағам. Тек спортпен айналыстым. Бұл жаққа демалуға келген жоқпын. Оған уақытым да жоқ. Шынын айтсам, ниетім де жоқ. Өйткені Америкаға тек жаттығу үшін, өз ісін білетін мамандар үшін, жұмыс істейтін бапкерім үшін ғана келем», – дейді Денис.