Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Зауралье» (Ресей, Қорған қаласы) командасын екінші рет жеңді.

Бұған дейін Қарағанды қаласында өткен ойында «Сарыарқа» өз қарсыласын 2:1 есебімен овертаймда ғана жеңсе, осы жолы кеншілер «Зауральені» негізгі уақыттың ішінде ұтты. Есеп - 0:2. Бұл ойында Кирилл Лебедев дубль жасап, екі бірдей шайбаның авторы атанды. Сонымен, «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 50 ұпаймен Жоғары хоккей лигасының жалпы турнир кестесінде 7-орынға көтерілді. Ал «Зауралье» хоккей клубы аутсайдер болып, ең соңғы сатыда қалды.