Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Ингушетияда өткен "Таудағы айқас-7" M-1 Challenge 95 турниріндегі жеңісін Денис Тенге арнады.

Бірінші раундта Украинадан келген Зака Фатуллазадені техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін, Сергей Морозов микрофонды қолына алды. Бірақ турнир регламентінде бұл қарастырылмаған.

- Бұл жеңісімді қаза тапқан Денис Тен мен барша Қазақстанға арнаймын, — деді ол.

Спортшы Ингушетияның көрермендеріне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.